Бүркеншік
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Бүркеншік, никандра (Үлгі:Lang-la) – алқалар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың бау-бақша, жүзімдіктердің арасында, жол бойларында арамшөп ретінде өсетін 1 түрі – қызылқұлақ Б. (N. physaloіdes) бар. Биікт. 30 – 130 см. Сабағы тік, жапырақтары дөңгелек, ұзынша. Тостағанша жапырақтары бес бөлікке бөлінген, жемістенгенде үлкейеді. Күлтесі ақ түсті. Аталығы аналығынан едәуір қысқа. Шілде – қыркүйекте гүлдеп, тамыздан бастап жемістенеді. Улы, дәрілік өсімдік. Әсемдік өсімдік ретінде мәдени түрде өсіріледі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер
<references/>