Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі, Шурои ислам — 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 5, Қырымнан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді.Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесінің Петроград қаласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына А. Салихов, орынбасары болып Ж. Досмұхамедов сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У. Танашев, Ж. Ақбаев, Зәки Уәлиди Тоған, Ғ. Ходжаев, К.Тоғысов, Ш. Мұхамедияров, И. Лиманов секілді саяси қайраткерлер болды. Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 ж. шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесіне мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан Досмұхамедовты, Ішкі Ордадан У.Танашевті, Жетісудан Б.Мәмбетовты, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі 1917 ж. шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар съезін өткізуді ұйымдастырды. Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub