Бүктесін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүктесін - киімнің етек-жеңіне екі-үш катар салынған қатпар. Бүктесін негізінен қосетек деп аталады. ҚР MOM қорындағы көйлек қабатталған тұтас матадан пішілген. Артқы бойы тұтас, етегіне дейін жетеді. Алдыңғы бойы белінен үзіледі де, оған етек қондырылған. Иығында шымшып тігілген бүрме тігістері бар. Кеуделігінде иықтан белге дейін төрт қатар бүкпе тігіс түсірілген: оның шеткісі қолтықтың ойындысынан басталып белдің тігісіне қарай доғалданып келген. Беліне бүрмелі етек қондырылып, оның орта тұсына горизонтальды түрде үш бүктесін шығарылған. Артқы бойының қақ ортасында жағаның түбінен темен қарай екі шеті бүктелген бант тәрізді қатарма (тігіс) түсірілген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүктесін|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}