Бүйіржүйкелілер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүйіржүйкелілер (Amphіneura) – моллюскілер типінің бір тармағы. Кембрий кезеңінен белгілі. 1300-дей түрі бар. Сауыттылар және сауытсыздар кластарына бөлінеді. Сауыттылардың (Lorіcata нe Polyplacophora) арқа жағындағы бақалшағы 8 пластинкадан тұрады. Дене тұрқы 1 мм-ден 30 – 40 мм-ге жетеді. Денесінің бауыр жағында жалпақ табанды аяқтары болады. Басы денесінен нашар бөлінген, сезім мүшелері болмайды. 4 – 80 жұп желбезектері арқылы тыныс алады. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі ішегінің үстіне орналасқан. Дара жынысты, сырттан ұрықтанады, бөліну нәтижесінде тохофораға ұқсас еркімен жүзіп жүретін дернәсілдер дамиды. Негізінен судағы балдырлармен қоректенеді, араларында жыртқыш түрлері де кездеседі. Бұлардың кейбір түрлері (мыс., Chіton tuberculatus) тағам ретінде пайдаланылады. Олар көбінесе жағалауда мекендейді. Сауытсыздардың (Aplacophora нe Solenоgastres) бақалшағында аяғы жоқ, құрт тәрізді денесі кутикуламен қапталған, ізбесті қабыршақтары, инелері болады. Дене тұрқы 3 см-ден аспайды. Көпшілігі теңіз түбінде мекендейді, баяу жылжиды. Бүйіржүйкелілер негізінен гермафродиттер, арасында дара жыныстылары да бар. Метаморфоз жолымен өсіп-өнеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүйіржүйкелілер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}