Бүйіргүл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бүйіргүл , рамишия (Ramіschіa) – алмұртшөптер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда таулы аймақтардың орманды жерлерінде 2 түрі (мұқыл Б., сыңарбүйір Б.) кездеседі. Олардың биікт. 3 – 25 см. Тамыры ұзын, бұтақталған. Жапырақтары дөңгелек, ұзынша. Гүлдері ұсақ, көпгүлді сәулелі шоғыр құрайды. Тостағанша жапырақшалары үшбұрыш тәрізді бөлектенген. Тозаңдықтары күлтесінен шығып тұрады. Аналық мойны аталығынан ұзындау. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі төменнен жоғары қарай ашылатын қорапша. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub