Бүйрек құмы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бүйрек құмы , Атырау облысы Қызылқоға ауданының солт-н басып ағатын Ойыл өзенің оң жағында. Құмды алқап 50 км-ге созылып жатыр, ені 15 – 20 км. Жер бедері төбелі, жалды, қырқалы келген. Климаты қуаң, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –14°С, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 240 мм. Жусан, еркек шөп, оңт-нде шала бұталар өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қосаяқ, т.б. кездеседі. Мал жайылымдық. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub