Бүйрек ожау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүйрек ожау - шөміші қосарланып, бүйрек тәрізді жасалған сабы ұзын қымызға арналған ожау түрі. Бүйрек ожаумен әдетте, тегештегі қымызды сапырып, аяқ, тостағандарға құяды. Ожаудың қосбүйірлі болып келуі қымыздың құрамындағы ашу барысында пайда болған газды сапырып шығаруды қамтамасыз етеді. Саба, күбідегі қымызды шара, тегенеге қотарған соң аяққа құйып таратпас бұрын әбден сапыру қажеттілігінің бір қыры осында.

ҚР MOM қорындағы бүйрек ожау сабының ұзындығы 51 см, қоңыр түсті. Бүйрек ожау бүтін ағаштан, қымызды «көсіп» алатын шөміш жағы малдың бүйрегіне ұқсатып жасалған. Әр шөміштен салаланып шыққан, сынық сүйемнен (9 см) соң саппен бірлесіп тұтасатын ағашы оймышталып жасалған. Сабының бас жағы жылқы мойны мен басы пішіндес біртүтас шабылып, ойымышталып, сүйекпен, ширатылған сыммен және бүркеншік басы бар шегелермен көмкерілген.

ҚР MOM қорындағы қымыз ожаудың ұзындығы 29 см-лік сабы мен екі бүйірлі басы бүтін ағаштан шабылып, қашалып, тегістеліп жасалған. Ожаудың сабы жұмырлана иіліп, саптың аяғы мен орта тұсынан астына қарай «мүйіз» шығарылған. Бұл «мүйіздер» қымыз құйылған ыдыстың жиегіне ожауды тіреп, сонымен бірге іліп қою үшін жасалса керек. Сап мық шегелермен әшекейленген. Ал қос бүйірлі қымыз құятын басы «бүйрек» тәрізденіп жасалған, жалпақтығы 12,5 см, ені 8 см. Қос ернеуінің диаметрі 6 см, шөмішінің тереңдігі 4,5 см.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүйрек ожау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}