Бүйректен тыс осмостық реттелу механизмі (кітап)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бүйректен тыс осмостық реттелу механизмі - Алматыдағы «Қазақстан» баспасынан 1971 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. Авторы - Ханиса Қанышқызы Сәтбаева өз еңбегін әкесінің жарқын рухына арнаған. Сәтбаеваның зерттеулері организмнің ішкі ортасында су-тұз алмасу физиологиясы мен ішкі ортадағы осмостық қысымның реттелуіне арналған.

Автор қалыпты шамада және сондай-ақ кейбір патологиялық жағдайларда, организмнің сұйық ортасында сулы-тұзды және осмостық тепе-теңдікті жасау үшін, клеткадан тыс және клеткашілік сулы ортаның жеке бөліктерінің арасындағы тез гидро-иондық қайта бөлінудің рөлін қарастырады. Кітап дәрігерлерге, физиологтарға, биохимиктерге, биологтарға арналып жазылған. Көлемі 7,98 баспа табақ. Таралымы 4400 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub