Бүгінгі күн мен алдағы күн (кітап)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бүгінгі күн мен алдағы күн - Мәскеудегі БЛКЖО ОК-нің «Молодая гвардия» баспасынан 1964 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. Мұнда жарияланған 35 автордың мақалаларын баспаға әзірлеген - журналистер И.Казанский және Л.Брутян. Еңбекте КОКП XXII съезінің делегаты академик Қаныш Сәтбаевтың «Біздің еліміздің қазынасы» атты көлемді мақаласы берілген.

Онда ол геолог-барлаушылардың қажырлы еңбегі, жаңа кен орындарын ашу, көмір, мұнай, табиғи газ, темір, мыс, қорғасын және басқа пайдалы қазбаларға деген сұраныстың жыл сайын өсіп келе жатқандығын, соған байланысты Кеңес Одағы мен Қазақстандағы кен орындарының қоры, оларды халық игілігіне жарату мәселелеріне баса назар аударады. Көпшілікке арналған. Көлемі 15 баспа табақ. Таралымы 19 мың дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub