Бітістіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бітістіру — қазақтың дәстүрлі әдеттік заңында ел бірлігін көздеген құқықтық ұстанымдардың бірі. Қандай да бір даудың асқынып, ел іші айықпас араздыққа ұласып бара жатса, билер өзара ақылдасып, екі жақты бітімге келуге шақырады. Ондайды бітіспес дауға қалды деп атайды.

Осындай бір істің қалай атқарылғаны жөніндегі төмендегі дерек көп жайдың басын ашады: «Ауыл ішіп отырған көлшік басында балалар суға түсіп жатады. Бір шал айғайлап балаларды қуады. Шалдың астындағы байтал үркек екен, балаларды қуа бергенде тымағы түсіп кетіп, байтал содан үркіп, шалды қғлатып кетіп, шал содан өледі екен. Ол заманда ер адамның құны мың қой немесе жүз ірі қара екен. Екі жақ келісе алмай екі-үш жыл жүріпті. Келice алмай жүргендерін естіп Сырым: «Билігін маған берсе бітірер едім», — дейді. Ауыл ақсақалдары келісім береді. Сонда Сырым:

Әуелі қаққа шомылған бала тентек 
Екінші, оны қуған шал тентек 
Үшінші, ұшып түскен бөрік тентек 
Төртінші, үркіп жыққан байтал тентек 

- деп құнның төрттен бірін төлеткен екен деседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бітістіру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}