Бітпес

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бітпес - ою-өрнектің ерекше түрі, әрі үздіксіз жалғаса беретін осындай ою-өрнектер салынған немесе кестеленген киіз, яғни түскиіз түрі. Киізге аталмыш ою-өрнекті бұлдап ойып жасап алып, бастырып, әдіптеп тігеді. Мұны түскиіз деп атайды. Сондай-ақ арнайы дайындалғап бұлды бітпес ою-өрнегімен кестелеуді түскесте дейді.

ҚР MOM қорында сақтаулы Павлодар облысының Баянауыл өңірінде жасалған бітпес түскиіз сақтаулы. Оныц ұзындығы 4 м 50 см, ені 1 м 65 см. Ақ, қоңыр түсті талдырма киіздің табағы тұтастай коңыр түсті мақта-матамен шаршыларға бөлініп, ішіне біртекті тұлға мүйіз, көгеріс өрнектері бастырылған. Табағы мен қасы айналдыра сұр түсті мақта матамен жиектелген. Көмкермесіне тармақты мүйіз оюы қиылған мата сырылған. Қасының жоғары жағында қара түсті мақта матадан бау тағылған. Мұндай түскиіз бен түскестенің ерекше көлемді және бай әшекейленген түрлерін әдетте ауқатты отбасылар ұстанған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бітпес|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}