Бір жылдық өсімдіктер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бір жылдық өсімдіктер – тіршілігі бір жылға ғана созылатын өсімдіктер.Бір жылдық өсімдіктердің екі түрі бар: 1) жаздық Бір жылдық өсімдіктер – тары, жаздық бидай, зығыр, шегіргүл, гүлкекіре, т.б. Жаздық Бір жылдық өсімдіктердің тұқымы көктемде немесе жазда өніп-өсу сатысынан тез өтіп, тіршілік кезеңін бір вегетативтік маусымда (1 – 5 айға дейін) аяқтайды; 2) күздік Бір жылдық өсімдіктер – күздік бидай, күздік қарабидай, т.б. Бұлардың өсіп-өну сатысы ұзағырақ болады әрі оған салқын температура қажет. Күздік Бір жылдық өсімдіктер күзде егіледі. Олар сол күзде көктеп шығады да, күз, қыс бойы өсіп-өніп, келесі жазда тіршілік кезеңін аяқтайды. Өте тез өсіп, тіршілік кезеңін бірнеше апта ішінде аяқтайтын Бір жылдық өсімдіктер эфемерлер деп аталады. Бір жылдық өсімдіктер шөлді аймақтарда ең көп таралған.

<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бір жылдық өсімдіктер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}