Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі - көрнекілік үшін қозғалысты график көмегімен сипаттауға болады.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалысты график түрінде бейнелеу тәсілін қарастырайық.
Бастапқы t0=0 болған мезетте дененің координатасы х0, ал кез келген t уақыт мезетіндегі координатасы х болсын. Сонда орын ауыстыру 1=х-х0 болады. Ал бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру l=v-t екені белгілі. Мұндағы жылдамдық тұрақты шама болғандықтан, бірқалыпты қозғалатын дененің орын ауыстыруы қозғалыс уақытына тура пропорционал. Осы екі өрнекті салыстыра отырып, былай жазуға болады: x-xQ=vt. Өрнектегі х0 -ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз: х= x0+vt. Бұл өрнек бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі деп аталады. Осы теңдеуді қолдана отырып, дененің кез келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға болады. Айталық, дене бірқалыпты қозғала отырып, әрбір секунд сайын 3 м аралықты жүріп өтсін. уақыт қозғалыс басталған мезеттен есептеледі. Бұл жағдай үшін дене координатасының Уақыт қа тәуелділігі төмендегідей кесте түрінде беріледі: Мұндай кесте арқылы біз дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын, яғни координатасын және оның қандай да бір орын ауыстыруға жіберген Уақытын анықтай аламыз. Енді осы кестедегі мәліметтерді пайдаланып, дене қозғалысының графигін сызайық. Ол үшін горизонталь оське (абсциссалар осіне) өткен Уақытты, ал вертикаль оське (ординаталар осіне) дене координатасының мәндерін сәйкес масштабпен саламыз. Сонда Бұл қозғалыстың графигі түзу сызық болып шығады. Бұл бірқалыпты қозғалатын дене координатасының Уақыт қа сызықтық тәуелді екенін білдіреді. Сөйтіп, бірқалыпты тузусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің координатасы уақыттың сызықтық функциясы болып табылады деген тұжырым жасауға болады.
Дене координатасының Уақыт қа тәуелділігі графигін дененің қозғалыс траекториясымен шатастыруға болмайды. Координатаның уакытқа тәуелділігі графигінің кескініне қарап, қозғалыс жылдамдығы туралы да айтуға болады. График кескіні неғұрлым тік болса, жылдамдықтың да соғұрлым үлкен болатынын білдіреді.<ref>Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Phys-stub