Бірқабатты эпителий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірқабатты эпителий (однослойный эпителий); (epi-thelium simplex; грек, ері — үсті, thele - көкірек, емізікше, лат. simplex — қарапайым) - эпителиоциттері негіздік жарғақта (базальды мембранада) бір қабатта орналасқан жабынды ұлпа. Эпителиоциттерінің (эпителий жасушаларының) мөлшері мен пішіндеріне байланысты бірқабатты эпителий өз кезегінде бірқатарлы және көпқатарлы болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты бірқатарлы эпителий ұлпасына: бірқабатты жалпақ эпителий (мезотелий), бірқабатты текше (куб) төрізді эпителий және бірқабатты призма (цилиндр) тәрізді эпителий ұлпалары жатады. Мезотелий дене қуыстарындағы сірлі қабықтардың және олардың туындыларының (шажырқай, шарбы, байлам, үңгі) сыртқы қабаттарын, бірқабатты текше тәрізді эпителий бүйрек түтікшелері нефрондардың және без өзектерінің қабырғаларын құрайды, ал бірқабатты призма тәрізді эпителий безді қарынның, ащы және жуан ішектердің кілегейлі қабықтарының ішкі беттерін астарлап жатады. Бірқабатты көпқатарлы эпителий ұлпасына тыныс жолдарын астарлайтын бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі (тербелмелі) эпителий жатады. Бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий ұлпасын — негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан мөлшері мен гіішіні әртүрлі эпителиоциттер: кірпікшелі эпителиоциттер, құтыша (бокал) тәрізді біржасушалы бездер, ендірме (аралық) эпителиоциттер және эндокриноциттер құрайды. Эпителиоциттердің биіктігіне сәйкес, жасушалар ядролары да әртүрлі деңгейде орналасып, көп ядролар қатарын түзеді. Сондықтан, эпителий ұлпасы көпқатарлы деп аталады. Бір-қабатты эпителий — организмдегі орналасу орындарына байланысты және мүшелердің құрылысы мен қызметіне сәйкес зат алмасу процестеріне қатысады және қорғаныс қызметтерін атқарады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бірқабатты эпителий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}