Бірқабатты жалпақ эпителий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірқабатты жалпақ эпителий (однослойный плоский эпителий); (лат. epithelium simplex squamosum) — адам мен жануарлар организмдеріндегі сірлі қабықтар мен олардың туындыларын (өкпеқап, жүрекқап, ішперде, плевра, шажырқай, шарбы, сірлі байламдар, үңгілер), өкпе көпіршіктерінің (альвеолаларының) қабырғаларын, ортаңғы қүлақ қуысын, ен (аталық жыныс безі) торы қабырғасын, бездердің майда ендірме өзектерін, бүйрек денешігі қапшығы мен нефронның жіңішке бөлігін астарлап, шекаралық шектеу қызметін атқарады. Аталмыш эпителий ұлпасы өкпеде — газ алмасуға, бүйректе несеп бөлуге қатысады. Сірлі қабықтағы бірқабатты жалпақ эпителийді мезотелий (мезодерма спланхнотомынан дамиды) деп атайды. Бірқабатты жалпақ эпителий ұлпасын — негіздік жарғақта бір қатарда орналасқан биіктігі енінен әлдеқайда аласа, ядролары сопақша және таяқша келген, тым жалпақ эпителиоциттер құрайды. Сірлі қабық мезотелиоциттерінің тек ядро орналасқан түстары ғана сәл көтеріңкі келеді. Мезотелийдің астында, одан негіздік жарғақ арқылы бөлінген жүқа борпылдақ дәнекер ұлпалық тақташа орналасады. Эпителиоциттер қабатының зақымдануы — эпителиоциттердің амитоз арқылы бөлінуіне, нәтижесінде көпядролы тым ірі мезотелиоциттердің түзілуіне әсерін тигізеді. Мезотелий көкірек және құрсақ қуыстарының ішкі бетін астарлап, аталған қуыстардағы ішкі мүшелерді сыртынан қаптап, олардың аралықтарындағы сірлі қуыстарға сір сұйығын бөлу арқылы мүшелердің бір- бірімен өзара жабыспай сырғанай қозғалуын қамтамасыз етеді. Бірқабатты жалпақ эпителий эктодермадан (ортаңғы құлақ, сілекей бездерінің ендірме өзектері), энтодермадан (өкпе альвеолоциттері, ұйқы безінің ендірме өзектері) және мезодермадан (сірлі қабықтар, бүйрек нефрондары денешігінің қапшығы, ен торының қабырғасы) дамиды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бірқабатты жалпақ эпителий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}