Бірғали Байекеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Байекеев Бірғали (1953 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – журналист, суретші, ақын, сазгер, Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1981).<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Өмірбаяны

Бірғали Байекеев 1953 жылы Маңғыстау ауданының Шайыр ауылында туған. Шайыр орта мектебін бітірген. 5 жасынан сурет салумен машықтанған Бірғалидың тырнақалды туындылары ХХ ғасырдың 60 жылдарында балалардың «Балдырған» журналына, «Қазақстан пионері» газеттеріне жариялана бастады. Ең алғашқы жүлдесі 1970 жылы «Лениншіл жас» газеті ұйымдастырған республикалық конкурстың лауреаты атанды.

ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін (1981), Мәскеудегі халық өнері университетін бітірген (1989).

19721983 жж. - Маңғыстау ауданы, Бейнеу ауданы газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Маңғыстау» облыстық газетінің меншікті тілшісі болды.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>

Шығармашылығы

Байекеев қазақ бейнелеу өнеріндегі тұңғыш линогравюрист. Өзінің графика жанрында салған суреттерін жетілдіріп, күрделі сала ксилографияға тән линографюралық туындыларды дүниеге әкелген. Бұл саланы меңгерген қазақ суретшілері некен-саяқ.

Бірғали Байекеев Тобанияз, Құныскерей, Кеңес Одағының Батыры Біләл Қалиевтің толыққанды портреттерін тұңғыш дүниеге келтірді. Ол- орталық басылымдарға суреттерін жариялаған түбектегі тұңғыш қылқалам шебері. «Қарашаңырақ», «Айназар», «Мекенім-Маңғыстау», «Жетіген», «Қандыкөш» және басқа да кітаптарды безендірген.

Байекеев Маңғыстау ауданының 75 жылдығына арналған «Өскен орда» тарихи-танымдық шолу кітабының (2003) авторы әрі редакторы. Байекеевтің өлең-жырлары «Қызғыш құс» (2003), «Өлкенің өнер күмбезі» (2003), «Ақкетігім-арқауы ән-жырымның» (2006) жинақтарына енген.

Марапаттары

Бүкілодақтық әуесқой суретшілердің (1982) және бейнелеу (1983) конкурстарында республикалық сатиралық «Ара» журналының бейнелеу өнері конкурсында (1984), республикалық «Парасат» журналының өнертанушыларға арналған талғам жарысында (1990) жүлделі орындарды иеленген.

Қазақстан ЛКЖО ОК-нің Құрмет грамотасының, бірнеше дипломдардың иегері.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> Бірғали Байекеев 2013 жылы 30 сәуірде "Мәдениет майталманы" медалімен марапатталды. 2014 жылы "Құрметті журналист" атағы берілді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бірғали Байекеев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}