Бірінші сатыға көтеру сорғы станциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірінші сатыға көтеру сорғы станциясы — негізінен ашық су көзінен сүзілмеген суды тазарту имаратына беруге арналған жүмысшы, қосалқы, көмекші агрегаттармен жабдықталған және т.б. құрал-жабдықтар орнатылған сумен қамту сорғы станциясы. Гидротехникалық имараттар мұндай бірінші сатыға көтеру сорғы станциясын су көзінің гидрологиялық, гидрогеологиялық, геологиялық режіміне байланысты орналастырады. Егер су кезіндегі судың сапасы түтынушының талабына сай болса, онда суды арнайы тазартудан өткізбей-ақ, бірден тазарту желісіне, арыңды су мұнарасына немесе екінші сатыдағы сорғы станциясының таза су резервуарына тікелей береді. Каскадта орналасқан бірінші сатыға көтеру сорғы станциясы бас станция деп аталады.

Бірінші сатыға көтеру сорғы станциясы суды артезиандық үңғымадан таза су резервуарына және суды тікелей тарату желісіне беру режімінде жұмыс істей алады. Станция имараты жер бетіне, жартылай тереңдетіле орнатылуы мүмкін. Өңдірісте оның блокты және шахталық-блокты түрлері бар. Көбінесе жағалық құдық арқылы жалғасады. Республикамыздағы ауылдық, қалалық және өндірістік сумен қамту станциялары жер асты және жер беті суларын түтынушыларға осы тәсілмен жеткізеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бірінші сатыға көтеру сорғы станциясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}