Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет


Біріккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы Орта Жөніндегі Бағдарламасы ЮНЕП (Үлгі:Lang-en)Бас Ассамблеяның мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретінде көмекші органы.

Бағдарлама1972 жылы 15 желтоқсанда құрылды, штаб-пәтері Кенияның Найроби қаласында орналасқан. ЮНЕП-тің ұраны: "Қоршаған орта өркендеу жолында" <ref>Үлгі:Cite web</ref>

БҰҰ-ның 1972 ж. 5 — 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоқсанда құрылған. ЮНЕП-тің басты органдары — Басқару Кеңесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП-ке 70-ке жуық мемлекет мүше. Штаб-пәтері — Найробиде. Басқару Кеңесі қоршаған ортаға байланысты халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу және осы саладағы бағдарламаның қызметі мен үйлестірілуін басқаруды жүзеге асырумен, баяндамалар мен шолулар жасаумен, дүние жүзі бойынша қоршаған ортаның жағдайын үнемі бақылауда ұстаумен, т.б. көптеген шаралармен айналысады. Қоршаған ортаны саласындағы бағдарламалардың қосымша қаржыландыруын жүзеге асыру мақсатында, 1973 ж. 1 қаңтарда ерікті ЮНЕП қоры ашылды. ЮНЕП-тің көптеген биологиялық Конвенциясына Қазақстан Республикасы 1994 ж. қыркүйектен бері мүше. 1994 ж. қазанда Парижде жасалынған шөлге қарсы күрес Конвенциясына Қазақстан Республикасы да қол қойды. Қазіргі таңда Қазақстанның ЮНЕП-пен ынтымақтастық шеңберінде: Қоршаған орта қорғау жөніндегі дүниежүзілік қордың (ФГОС) қаржыландыруымен ЮНЕП-тің “Каспий теңізінің биологиялық сан алуандығы және оның жағалауын қорғау” бағдарламасын жүзеге асыру ісі, ЮНЕП-тің Еуропалық аймақтық бюросымен бірге Арал және Каспий теңіздері жағдайлары жөніндегі халықаралық Конвенция жасау мәселелері қарастырылуда. Қазақстанда ЮНЕП-тің табиғатты қорғау жөніндегі Заңын шығару және экологиялық Заңдарын енгізу жұмыстары жүргізілуде. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Міндеттері

  • Қоршаған орта сферасындағы халықаралық қатынастарды жақсарту және лайықты саясат ұсыну.
  • Қоршаған ортаның жағдайын көрсету.

Қоршаған ортаға байланысты ақпаратты жинап, тарату.

  • Қоршаған ортаның тұрақтылығы туралы аймақтық программаларды дамыту.
  • Мемлекет дәрежесіндегі қоршаған ортаны өндіруге керекті қуат пен технологиялық қолдаумен жабдықтау.
  • Халықаралық қоршаған орта заңдарын дамытуға көмектесу.

Қоршаған ортаға байланысты тұжырымдама мен құралдарды қолдануға және дамытуға керекті тәжірибелі ақылдармен жеткізіп отыру. <ref>Үлгі:Cite web</ref>

Құрылымы

ЮНЕП-тің құрылымы келесі алты бағыттардан тұрады:

  1. Ерте ескерту және бағалау
  2. Экологиялық саясаттың имплементациясы
  3. Технология, өндіріс және экономика
  4. Аймақтық ынтымақтастық
  5. Қоршаған орта заңы мен Конвенция
  6. Коммуникация мен Әлеуметтік ақпарат

<ref>Үлгі:Қайнаркөз/аударма</ref>

Атқарушы директор

Қазіргі кезде ЮНЕП-тің атқарушы директоры Ахим Штайнер. 2006 жылы төрт жылға директор болып белгіленді, осылайша Ахим Штайнер ЮНЕП тарихындағы бесінші директор. <ref>Үлгі:Cite web</ref>

ЮНЕП-ті басқаратын кеңес мүшелері

ЮНЕП-ті басқаратын кеңес 58 мемлекеттен құрылып, үш-төрт жыл мерзімінде ауысып отырады.

<ref>Үлгі:Cite web</ref>

ЮНЕП әлемде

ЮНЕП жұмысшылары 100-ге жуық мемлекеттреден келеді. Олардың үштен-бірі (шамамен 1000 жұмысшы) Найробиде өмір сүреді және жұмыс жасайды. ЮНЕП-тің кеңселері:

<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

http://www.unep.org/PDF/UNEPOrganizationProfile.pdf

Дереккөздер

<references/>