Бірнегізді қышқылдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірнегізді қышқылдар — құрамында металл атомдарына ауыса алатын бір сутек атомы бар қышқылдар (мысалы, НСІ, НВr, НJ, НF, Н (АuСІ4), HNO3, HCІO3, HMnO4 CH3 COOH және т.б.). Қышқыл молекуласының құрамындағы cутек атомдарының саны мен оның негіздігі әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалы, этан (сірке) қышқылының (СН3— СООН) құрамында төрт сутек атомы болатынына қарамастан, бір сутек атомы ғана қышқылдық реакцияға қатысады. Қышқылдың күшіне қарай Б. қ. күшті және әлсіз қышқылдар болып бөлінеді. Күшті қышқылдар қатарына тұз қышқылы (НСl), азот қышқылы (НNО3), йодты сутек қышқылы (НJ), хлор қышқылы (НСlО4), т.б. қышқылдар жатады. Әлсіз қышқылдар қатарына — цианды сутек қышқылы (НСN), этан қышқылы (СН3—СООН), т.б. органик. қышқылдар жатады. Құрамына қарай Б. қ. (жалпы қышқылдар сияқты) оттекті (оксоқышқылдар) және оттексіз болып бөлінеді. Көптеген оттекті қышқылдар күшті тотықтырғыштар. Мысалы, азот қышқылы (НNО3), маргaнец қышқылы (НМnО4). Кейбір бірнегізді оттекті қышқылдар тек сулы ерітінділерде ғана болады, оларды жеке бөліп алу қиын. Оттексіз қышқылдарда сутек атомдары қышқыл түзетін элемент атомдарымен тікелей байланысқан. Көптеген кешенді қышқылдардың қатарында бір негізді қышқылдар (мысалы, Н[АuСІ4] бар. Б. қ-дың ішінде азот және тұз қышқылдары көп қолданылады.<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бірнегізді қышқылдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}