Бірлік (Құрманғазы ауданы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Бірлік (бұрынғы атауы – Утера (Үтері)<ref>Құрманғазы ауданы Бірлік селолық округінің Утера селосын қайта атау туралы</ref>) — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы Ганюшкин ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км, Каспий теңізінің солтүстік-батыс жағасында, теңіз арқылы салынған Игольный каналы бойында орналасқан<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том</ref>.

Халқы

Тұрғыны — 1697 (2009) адам.

Инфраструктурасы

Іргесі 1957 жылы балық аулайтын ұсақ кәсіпшілікті біріктіру негізінде “Қызылтаң” балық аулайтын ұжымшардың орталығы есебінде қаланған. Кеме жөндеу шеберханасы, балық тоңазытқыш, т.б. мекемелер бар. Ауылға аудан орталығынан облысы маңызы бар автомобиль жолы тартылған.

Атақты тұлғалары

Қасым Асанов (1931—2006) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Құрманғазы ауданы елді мекендері Үлгі:Kz-geo-stub