Бірлік (математика)
Бірлік — 1) натурал сандардың ішіндегі ең кішісі, n=1. Кез келген санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады; 2) зерттеуге алынған заттардың не элементтердің жиынында, көбінесе, анықталған қандайда бір бинарлық (екі бөліктен тұратын) амал (мысалы, сандарды қосу немесе көбейту) кездеседі. Оны деп белгілейік. Егер кез келген а элементі үшін аеa, eaa теңдігі орындалса, онда осы амалға қатысты жиынның е элементі бірлік деп аталады. Бұл екі теңдік бір-біріне тәуелсіз, яғни abba. Егер жиында бірнеше амал (мысалы, қосу және көбейту) анықталған болса, Бірлік осы амалдардың біреуіне қатысты айтылады (әдетте көбейтуге қатысты Бірлік бір деп, ал қосуға қатысты бірлік нөл деп аталады). 3) Алгебралық сандар мен алгебралық функциялар теориясында Бірлік бірлік бөлгіші деп аталады, яғни а элементі үшін ab1 теңдігі орындалатындай басқа b элементін табуға болады.<ref name = "source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том</ref>
Пайдаланылған әдебиет
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала