Білісбек Әбдіразақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Білісбек Әбдіразақ (30 желтоқсан 1968 жыл, ҚХР, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Күнес ауданы, Шалкөде деген жері) - ақын.

  • 1990 жылы Іле педагогика институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдады.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
  • 1990-1999 жжылдары Шыңжаң Ұйғыр Автомиялық Республикасының Іле Қазақ облыстық әдебиет-көркем өнершілер бірлестігінің «Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу қоғамында» іс жүргізуші, жауапты хатшы міндеттерін атқарды.
  • 1999 жылы қыркүйек айында ата жұрты — Қазақстанға көшіп келген.
  • «Мен жалындап өтемін» жыр жинағының авторы. Мерзімді баспасөзде өлең, поэма, ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланып тұрады.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Уики