Біліктік қаңқа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біліктік қаңқа — бас, мойын, тұлға және құйрық, яғни дене білігінің (осінің) қаңқа сүйектерін біріктіреді. Адам мен жануарлардың біліктік қаңқасы өз кезегінде: бас, мойын, тұлға және қүйрық қаңқалары болып төрт бөлімге бөлінеді. Бастың қаңқасы — бассүйек (череп); (лат. cranium) екі бөлімнен: ми сауытынан (лат. cranium cerebrale, s. neurocranium) және бет бөлімінен (лат. cranium viscerale, s. splanchnocranium) тұрады. Мойынның қаңқасын адам мен сүтқоректі жануарларда 7 мойын омыртқалары (лат. vertebrae сег- vicales): бірінші мойын омыртқа (атлант), екінші мойын омыртқа (білік омыртқа, толғау омыртқа, эпистрофей), ортаңғы (3,4,5) мойын омыртқалары, 6 және 7-мойын омыртқалары құрайды. Түлға қаңқасы өз кезегінде көкірек, бел және қүйымшақ бөлімдерінен құралған. Көкірек керегесінің (лат. thorax) қаңқасын — көкірек омыртқалары (лат. vertebrae thoracicae), қабырғалар (лат. costae) және төс сүйек (лат. sternum), бел бөлімінің қаңқасын бел омыртқалары (лат. vertebrae lumbales), ал қүйымшақ бөлімінің қаңқасын құйымшақ омыртқалары (лат. vertebrae sacrales) немесе құйымшақ сүйегі (лат. os sacrum) құрайды. Қүйрықтың қаңқасы қүйрық омыртқаларынан (лат. vertebrae caudales) құралған. Мойын, көкірек, бел, қүйымшақ және қүйрық омыртқалары бірігіп, біліктік қаңқадағы омыртқа бағанын (позвоночный столб); (лат. columna vertebralis) жасайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біліктік қаңқа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}