Бізкесте

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бізкесте - бізбен тігілетін кестелеудің бір тәсілі. Бізкесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен кермелеп шалу арқылы кестеленеді. Кергіш ағаш тігушінің қолы еркін жетігі тұратындай болып жасалу керек. Матаны біркелкі етіп керіп, тігуші өзінің қалаған ою-өрнегін сызып түсіреді. Матаға ою-өрнекті сызып түсіру үшін жарты қасықтай сүтке бір қасықтай тұз салып, әбден араластырып, біраздан кейін сызуға болады. Кергішке кергеннен кейін қармақ бізбен жіптің жуандығын, өңін келтіріп отырып кестелейді. Жіптің жуандығы біркелкі болса, кесте де біркелкі болып түседі. Бізкестенің шым кесте және әредік кесте деген екі түрі бар. Шым кесте деп материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте aт қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады.

Ол тәсілмен түскиіз, сандыққап, мақпал шапан, жастықтың көзі, орамалдың шеті, жастық жппе төсек жапқыш, сәукеле сияқты басқа да көптеген киімдерге кесте тігіледі. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы, кең қоныш етікіердің бұрыш-бұрышы сияқты зат бөлігіне тігіледі немесе бөлек тігіліп қондырылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бізкесте|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}