Бізжапырақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Grand polycnémum.jpg
Бізжапырақ
Бізжапырақ (Polycnemum) – алабұталар тұқымдасына жататын бір сирек көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда тасты, тастақты тау беткейлерінде, құмды, құмдақты, тыңайған жерлерде өсетін 3 түрі (егістік Б., көп жылдық Б., ірі Б.) бар. Олардың биікт. 3 – 20 см, сабақтары бұтақталған, сыртын түк жапқан. Жапырақтары үшкір біз сияқты, тікенді, кезектесіп орналасады. Гүлдері ақшыл түсті, қос жынысты, ұсақ. жеке-жеке жетіледі. Аталығы 3, аналығының мойны қысқа болады. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі жұқа жеміс қапты, тұқымы қара түсті. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>