Быдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Быдықадамның сөйлеу қарқыны мен ырғағының бұзылуы. Быдық ми қыртысының астындағы жүйке түйіндерінің зақымдануынан және орталық жүйке жүйесінің қозу қызметінің күшеюінен болады. Быдық болған адам өте тез сөйлегендіктен, сөздің айтылу ырғағы бұзылады да, көп жағдайда, әсіресе, асығып сөйлегенде оның сөзі тыңдаушыға түсініксіз болады. Мысалы, адамның тез, жылдам сөйлеуін тахилалия (тахифемия), ал кібіртіктеп сөйлеп, өз ойын ұзақ баяндауын брадилалия (брадиартрия), сөз ырғағының оқыс-оқыс тездеуінен сөздің бұрмалануын баттаризм, кейбір сөз бен сөз буындарының қайталануын палилалия, ал сөйлеу қарқынының бәсеңдеуін олигофазия деп атайды. Сондай-ақ, ми қыртысының зақымдануы — адамның сөйлеу ырғағының бір сазды (монотонды) күйге түсуіне жиі себеп болады. Быдықпен ауырған адамды емдегенде, әуелі оған себеп болған ауруды анықтайды. Науқас адамды дәрігер-логопед өз бақылауына алады. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Быдық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}