Бутымов Иван Степанович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бутымов Иван Степанович (1930 жылы туған, Алматы облысы Шелек ауданы Шелек ауылы) — құрылысшы. Социалистік Еңбек Ері (1971). 1945 — 51 жылдары Қант комб-тында жүргізуші, электр дәнекерлеуші, 1951 — 58 жылдары Қырғыз КСР Қарабалта құрылыс басқармасында жұмысшы болған. 1958 жылы комсомолдық жолдамамен жаңа қаланың құрылысын салуға жіберіліп, Степногорск құрылыс басқармасында комсомол-жастар бригадасының жетекшісі болды. Бутымовтың бригадасы 8-бесжылдықтың жоспарын 3 жылдың ішінде орындаған (1966 — 70). КСРО орден, медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub