Бураның жарауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бураның жарауы - бураның ұрғашы түйеге шағылысуға дайын екендігін білдіретін ерекше күйті. Бураның жарауының күйті қоңыр аңдар тәрізді суық маусымда, аяз күшейіп қатты қысқан кезде келеді, яғни жарайды. Бұл қазақ ай санауының Қамбар тоғысы бойынша үштің айының соңы, бірдің айының бас кезіне сәйкес келеді. Осы кезде бураның қарақұсы тұсының жүні адырайып, оның астында болатын безі ісініп, үлкейіп, мінез-құлқы өзгереді. Бойынан ерекше иіс білінеді. Қазақтар мұны шайыр деп аталатын бураның желке безінен шыққан шуаш тәрізді тұтқыр қоймалжыңның әсерінен болады дейді. Мұндай без атанның желкесінде де болады, алайда одан мұндай иіс шықпайды.

Жараған кезінде көзіне ілінген тірі жанды таптап, шайнап, күркіреп, көзі жанып, тісін қайрап, «өңешін шығарып» қатыгезденіп кететіндіктен, Бураның жарауыны тұсаулап тастайды, тым қауіптілерінің аузына тұмылдырық, құрсау, қаусыр кигізіледі. Өркешіндегі шуда ұшына «ту» деп аталатын қызыл шүберек пен қызылды-жасылды мата байлайды. Мұндай белгісі бар бурадан сырттайғы жұрт сақтанып, айналып өтеді. Буралар қыстың соңғы айларынан көктемнің басына дейін жарап, отыз шақты аруананы қайытуға мүмкіндігі болады.

Жараған бураға тап болып, қашып құтылған адам осы жағдайды былайша суреттейді: „Атыма мініп інгенді жетекке алып келе жатыр едім, інген бұйданы оқыс тартып қалды да қолымнан шығып кетті, жалт қарасам, қиыс артымыздан төрт аяғы төрт жаққа кетіп, үсті басы аппақ ала көбік, өркештері лоқалақтап, шаңды боратып, мойнын төмен салып жіберген бір бура бізге үшып келеді екен... Бура інгенді соғып өткен кезде аз тоқтап, онан құтырынғандай маған жалт қарады. Құлағын едірейтіп, басын көтере қалды. Енді бір мезетте мойнын төмен салып жіберіп, аузын арандай ашып, менің артымнан тайпала жөнелді. Қара бураның енді ерні, басы, шудасы, өркеші бәрі тажалдай тақап қалған екен... Оның алып денесі, қып-қызыл көзі, талтайған аяқтары енді дәл қасымыздан үстімізге құлап келе жатты...

Қуған бура жақындап қалғанда сырт киімді шешіп, басқа бағытқа лақтырып құтылады екен. Бура сол киімді таптай басып жатқанда шығандап қашқан дұрыс делінеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бураның жарауы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}