Буландырғыштар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Буландырғыштар (Испарители) - түрлі табиғи ортадан буланған ылғалды өлшеу құралдары.
Құрылымдық ерекшеліктеріне қарай:
- батпақтық буландырғыштар;
- сулық буландырғыштар;
- гидравликалық буландырғыштар;
- топырақтық буландырғыштар болып жіктеледі.
Батпақтық буландырғыштар - батпақ бетінен болатын булануды өлшеуге арналған құрал. Батпақтық станцияларда салмақ өлшегіш (таразылық) және су деңгейін автоматты түрде тіркеуші Буландырғыштар қодданылады. Сулық буландырғыштар - су бетінен булануды өлшеу қүралдары. Бұл мақсат үшін грунтта орналастырылатын, ауданы 100 жоне 20 м2 "булану хауызы" жоне буландыру ауданы 3000 см2-ге тең ГГИ-3000 буландырғыштары пайдаланылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Дереккөздер
<references/>