Бук (зымыран кешені)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:ZRK BUK M1 2005 G1.jpg
Бук зымыран кешені

Бук зымырандар жүйесі әуе күштерін жоюға арналған, өздігінен қозғалатын орташа ауқымды зымыран тобына жатады. Бұл жүйені жасау Кеңес Одағы кезінде басталып, Одақ ыдыраған соң Ресей Федерациясы тарапынан жалғасты. Жүйе ұшатын зымырандар, бағдарламаланған бомбалар, бекітілген және айналмалы қанаттары бар ұшақтар мен ұшақсыз басқарылатын әуе кемелеріне қарсы жасақталған. Зымыран алғаш құрлықтағы әскер тарапынан Бук-М1-2 жүйесінде және әскери теңіз күштерінде Штиль-1 жүйесінде пайдаланылды. 9К37 Бук жүйесін дамыту алғаш рет 1972 жылдың 17 қаңтарында Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің тапсырмасына сәйкес қолға алынды. Бук зымырандар жүйесі барлық параметрі жағынан алып қарағанда Куб жүйесінен басым етіп жасақталған.<ref>1100 қызықты деректер</ref>

Дереккөздер

<references/>