Буйон Жорж

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Буйон Жорж (т.-е. ж. б.), Бельгияның қоғам қайраткері, ақын, жазушы. Көптеген дастан, әңгіме, баллада, ертегі, публицистикалық мақалалардың авторы. Жетпісінші жылдары «Бельгия-КСРО» достық қоғамының президенті болып тұрған кезде Қазақстанға келген. Ол өзінің сол сапардан алған әсерін «Мен Қазақстанның көкжиегінен таң кердім» атты кітабында (1974) жан-жақты баяндап жазды. Әсіресе қазақ ақындары мен жазушыларының өмірі мен шығармашылық жолына ерекше көңіл бөлді. Кітаптың бір тарауы «Абай және Әуезов» деп аталды. Онда екі данышпанның арасындағы рухани жалғастық пен дәстүрлік байланысқа тоқталып, Абайды әлемге керкем оймен мойындатудағы Әуезовтің орнын жоғары бағалайды. Тарихи тұлғаның бейнесін жасау арқылы Әуезов: «Букіл Қазақстанды ұйытып алған ұлттық абайтанушылдықтың ғажайып жұмбағын түсіндіріп береді. Мен үшін бүкіл бір хапықтың жалғыз тұлғаға бас ұрып, соған қарап бой түзеуі аса айтулы құбылыс, әсіресе, өзге халықтар өзінің романдары мен фильмдерінде жат жұрттық қаһармандарды үлгі тұтуды әдетке айналдырған қазіргі кезеңде мұның мәні ерекше», - деп пікір білдірді (1974). Б. бұдан басқа да жазбалары мен мақалаларында Қазақстандағы оқиғалар мен болып жатқан жайлар туралы қалам тартып, қазақ әдебиеті мен медениетінің өкілдерін өз еліне таныстырды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Буйон Жорж|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}