Буве аралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекет

Сурет:Bouvet Island ISS017-E-16161 no text.JPG
Буве аралы, ғарыштан көрініс

Буве (Үлгі:Lang-no) — Атлант мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан елсіз жанартауы бар арал, Норвегияның тәуеді аймағы.

Координаттары: Үлгі:Coord. Аумағы -49 кm², оның 93% - мұздықтар.

Аралдың ортасында жанартау бар, соңғы рет осыдан 2000 жыл бұрын атылған.

Аралды алғаш рет француз теңізшісі Жан-Батист Буве де Лозье (1705-1786) 1739 жылдың 1-ші қаңтарында ашқан. Осы саяхатшының құрметіне аралдын атауы қойылған.

Буве аралы - Тристан-де Кунья аралдарынан кейін құрықтан ең алыс ( Кейптауннан 2500 км қашықтықта) орналасқан аралдар болып есептеледі. Буве аралына ең жақын жер - Антарктиданың жағалауы - 1600 км қашықтықта. Аралда тек қана автоматикалық метеорологиялық станция бар. Аралдың солтүстігі, батысы мен оңтүстік-батысында орналасқан Ірі мұздықтар мен биіктігі 490 м-ге жететін тік жартастар елсіз жердің меңгеруіне едәуір кедергі жасайды. Аралда табиғи айлақтар жоқ болғаннан кейін заттар көбіне тікұшақтармен тасымалданады.

Үлгі:Тәуелді аймақтар