Брякин Михаил Иванович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Михаил Иванович Брякин (18.11.1902, Ресей, Алтай өлкесі, Каменск ауданы— 11.2.1985, Алматы) — ғалым, медицина ғылымының докторы (1953), профессор (1955). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Томбы университетін бітірген (1927). 1927 — 34 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында дәрігер, 1934 жылдан Қазақ медицина институтында (қазіргі Алматы мемлекеттік медицина университетті) клиника ассистенті, хирургия кафедрасының доценті, меңгерушісі, әрі Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургы (1954 — 64) болды. Негізгі ғылыми еңбектері құрсақ және кеуде хирургиясына арналған. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қызыл Жұлдыз, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub