Броун қозғалысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сұйық немесе газда орналасқан ұсақ қатты бөлшектердің бейберекет қозғалысын алғашқы рет 1827 жылы микроскоп арқылы ағылшын ботанигі Р.Броун байқаған.Бұл құбылыс броун қозғалысы деп аталды. Ұсақ бөлшектердің броун қозғалысын молекулалы-кинетикалық теория бейберекет қозғалған молекулалардың кездейсоқ соққыларының нәтижесі деп түсіндірді. 1905 жылы А.Энштейн молекулалы-кинетикалық теорияның негізінде броун қозғалысының теориясын жасады.Оның есептеуінше,броун бөлшегінің бейберекет қозғалысындағы ығысуының орташа квадраты осы ығысу уақыт аралығында және заттың температурасына тура пропорционалды. Француз физигі Жан Перрен 1908-1911 жылдары броун қозғалысын зерттейтін жан-жақты тәжірибелер өткізді.