Бронхоэктаз ауруы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бронхоэктаз ауруы

Бронхоэктаз ауруы - орта және кіші бронх қуыстарының патологиялық кеңейуі және бронхтардың іріңді қабынуымен жүретін полиэтиологиялық ауру.

Сурет:Gray961.png
Грей анатомиясы. Бронхтың алдыңғы жағынан көрінісі

Таралымы.

Бронхоэктаз ауруы өкпенің барлық созылмалы ауруларының ішінде 12-33% құрайды. Жас балаларда көп кездеседі. Ерлер мен әйелдер арасындағы жиілігі бірдей.

Этиологиясы.

  • Туа және жүре пайда болған бронх қабырғаларының эластикалық қасиетінің төмендігі.
  • Бронхтардың бітеліп қалуы: бронхтардағы ісіктер, бронхқа бөгде заттың тұрып қалуы..., т.б.
  • Бронхішілік қысымының көтерілуі.
  • Созылмалы өкпе аурулары

Патогенезі.

Қабыну процесінің салдарынан бронх қабырғылары өзінің эластикалық қасиетін жоғатады және өкпеішілік бронх нервтерінің зақымдалуы мүмкін. Бронх қабырғаларының тонусы жоғалады және созылғыш болады. Жөтел кезінде бронхішілік қысым көтеріліп, бронхтар созылады. Айтылған факторлар бронхоэктаз дамуына әсерін тигізеді.

Жіктелуі.

Пайда болуына қарай:

  • Туа пайда болған.
  • Жүре пайда болган.

Ауырлығына қарай:

  • Жеңіл
  • Орта
  • Ауыр

Клиникасы.

Астено-вегетативті синдром: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі 38-39, тәбетінің төмендеуі, жүдеу, ұйқысының бұзылуы байқалады.

Өкпеде- жөтел, қан аралас қақырық. Қақырық мөлшері күніне 50-200 мл ауыр дәрежесінде 500мл жетеді. Өршу кезінде көкірегінің ауырсынуы және ентігу байқалады. Бронхоэктаз классикалық белгілеріне қарай саусақтары “Барабан таяқшалары (барабанный палочек)” болады.

Көкірек қуысын объективті қараған кезде, бір бөлігі тыныс алу актісінен қалғанын байқауға болады. Қан анализінде- лейкоцитоз, нейтрофилез, формулалардың солға ығысуы байқалады. ЭТЖ-жоғарылайды. Зәрде белок, цилиндр анықталады.

Диагностикасы.

  • Рентгенелогиялық зерттеу- рентген айнасында бронхтардың кеңейгенін байқауға болады.
  • Бронхография - нақты диагноз қоюға көмектеседі. Бұл әдісте бронхтарға контраст затты жіберіп, рентген айнасында бронхтардың цилиндр тәрізді, немесе қапшық тәрізді түрін байқауға болады.
  • Бронхоскопия – көмегімен бронхтар ішіне түтік енгізіп көзбен көруге болады.

Диференциалдық диагностикасы

Бронхоэктазды өкпе абсцессімен, өкпе карциномасымен, бронхтар ісіктерімен және туберкулезбен салыстыруға болады.

Емі.

  • Тәртіп. (стационарлық)
  • Диета. (жоғары сапалы белокқа бай тағамдар)
  • Концервативті.
  • Концервативті емі тек қана 1-ші дәрежесінде жүргізіледі. Оларға антибиотиктер, қақырық түсіргіш дәрілер, витаминдер қолдануға болады.
Оперативті емі:

I-II дәрежесі оперативті емге көрсеткіш болып табылады. Операция кезінде зақымдалған сегметтерін алып тастайды. Сегментэктомия, лобэктомия, билобэктомия, пульмонэктомия жасалады.

Дереккөздер:

1. Самусев Р.П. Атлас анатомии человека / Р.П. Самусев, В.Я. Липченко. — М., 2002. — 704 с.: ил.

2. Бронхи // Малая медицинская энциклопедия (том 1, стр. 265).

3. М. Г. Привес, Н. К. Лысенков, В. И. Бушкович. Анатомия человека — 9-е изд.. — Москва: Медицина, 1985. — С. 275-282. — 110000 экз.