Бронхоэктазиялық ауру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бронхоэктазиялық ауру(грек. ektasіs — созылу, кеңею) — қолқаның шамадан тыс кеңейіп, ішіне ірің жиналуынан болатын тыныс алу жолдарының ауруы. Бұл ауру іштен туа және жүре пайда болуы мүмкін. Аурудың алғашқы кезінде ешқандай белгі байқалмайды. Кейінірек өкпе қабынады, дененің қызуы 39 — 40ӘС-қа жетеді. Бірте-бірте науқас жөтеліп, таңертең иісі жаман іріңді қақырық түкіреді. Кейде қақырыққа қан араласуы мүмкін. Ұзаққа созылған іріңді процесс саусақ ұшын жуандатып, тырнақтарды домбықтырып жібереді, Бронхоэктазиялық ауруды осы белгісі арқылы анықтайды. Ауру асқынған кезде өкпенің барлық бөлігінен ылғалды сырыл естіледі, ауа алмасу процестері бұзылып, организмге оттек жетіспегендіктен, науқас тұншыға бастайды, сөйтіп өкпе-жүрек, бүйректің қызметі нашарлайды. Аурудың алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, организмді шынықтыру қажет. Дене қызуын төмендететін, қақырық бөлінуін жеңілдететін антибиотиктер, дәрі-дәрмек ішкізіп емдейді. Асқынған түріне операция жасалады.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бронхоэктазиялық ауру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}