Бронтотерий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бронтотерий (Brontotherііdae) – тақтұяқтылар отрядына жататын, бұдан шамамен 30 – 60 млн. жылдар бұрын тіршілік еткен сүтқоректілер тұқымдасының бірі. Эоцен дәуірінің бас кезінде пайда болған алғашқы түрлері иттің үлкендігіндей, жеңіл, жүйрік, мүйізсіз жануарлар болған. Кейінірек даму барысында денелері үлкейе түскен. Эоценнің соңы, олигоценнің басында тіршілік еткен түрлерінің дене пішіні мүйізтұмсықтарға ұқсас, кейбірі тіпті піл шамалас болған. Тұмсық және маңдай сүйектерінде бір, кейде бірнеше доғал тармақты мүйіздері болған. Алдыңғы аяқтары 4, артқылары 3 бармақты. Бронтотерийдің алғашқы түрлері тоғайларда, кейінірек батпақты жерлерде мекендеп, су жағасына жақын өскен жұмсақ шөптермен қоректенген. Бронтотерий қалдықтары негізінен Солтүстік Америка мен Азияда, аздап Еуропада кездеседі. Қазақстанда олардың сүйектері Торғай қолаты мен Зайсан ойпатында табылған. 1996 – 97 жылы Қазақстан мен АҚШ ғалымдарының бірлесіп зерттеулерінің нәтижесінде Ақтау палеонтологиялық қазба орнынан (Алматы облысы) Бронтотерийдің бірнеше қаңқа сүйектері табылды.

<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бронтотерий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}