Брахманшылдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

БрахманшылдықҮндістандағы діни касталардың бірі — брахмандар ұстанатын сенімдердің ғылыми атауы. Брахманшылдыққа тән сипат — көп құдайлар мен ата-бабаға сиыну. Басты құдайлары: әлемді жасаған және оның бейнесі болып табылатын Брахма, табиғаттың жасампаз күштерінің бейнесі іспеттес қайырымды Вишну, қаїарлы Шива. Брахманшылдықтың негізінде табиғаттың жаны бар және тірінің бәрі өлгеннен кейін өзгеше бір жан иесі болып қайта тіріледі деген түсінік жатыр. Ол түсінік бойынша, адам қайта тірілгенде өткен өміріндегі жақсы ісіне қарай қоғамда неғұрлым жоғары орынға ие болады немесе аспан тұрғынына айналады, жаман ісіне қарай қоғамда төменгі орынға ие болады немесе жануарға не өсімдікке айналады. Брахманшылдық Буддашылдықпен бәсекелесе отырып және оның ықпалымен б.з. 1-мыңжылдығында жаңғырып, индуизмге негіз болды.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Брахманшылдық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}