Браун Андрей Григориевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Браун Андрей Григориевич (1937 жылы туған, Чернигов облысы, Рундивизия селосы) — мемлекеттік қайраткер. Социалистік еңбек ері (1991), Ақмола облысы әкімшілігінің басшысы (1992 жылдан). Ақмола зооветеринар техникумын (1958), Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1965) бітірген. Еңбек жолын Купчанов мүгедектер үйінің қосалқы шаруашылығында жұмысшы болып бастаған (1948 — 58). Бұланды ауданының шаруашылықтарында аға зоотехник (1958 — 67), Атбасар ауданы Сочинский, К.Маркс кеңшарларының төрағасы, Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Атбасар ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары (1967 — 73), Егіндікөл ауданы партия комитетінің 1-хатшысы (1973 — 82), Ақмола облысы атқару комитетінің 1-хатшысы, облыс агроөнеркәсіптік комитетінің төрағасы, Көкшетау облысы атқару комитеті Халық депутаттары кеңесінің төрағасы, Ақмола облысы партия комитетінің 1-хатшысы, облысы Халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1982 — 91) қызметтерін атқарған. 2-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 10-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1989 жылдан КСРО Халық, 1975 жылдан облыс Халық депутаттары Кеңесінің, 1990 — 92 жылы ҚР халық депутаты. КСРО орден, медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Браун Андрей Григориевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}