Боғмала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Боғмала (Actіnomycosіs), актиномикоз — актиномицет бактериялары тудыратын малдың (адамда сирек) созылмалы жұқпалы ауруы. Ірі қарада жиі, қой мен ешкіде, жылқыда, шошқада сирек кездеседі. Аурудың қоздырушысы — сәулелі саңырауқұлақтарға жататын бір топ микроорганизмдер. Сау малға ауру малдан немесе сыртқы ортада өсіп-өнетін қоздырушылармен бүлінген сабаннан, шөптен жұғады. Әсіресе, құрғақшылық жылдары сабан мен шөп тым қатайып, малдың аузын жарақаттағанда ауру жиі байқалады. Ауруға жақтың, тілдің, жұтқыншақтың сөл бездері шалдығады. Ауырған сиырдың жақ сүйегінде томпайған ісік пайда болып, кейін ол іріңдеп, тесіледі. Кейде желін, бауыр, өкпе, т.б. мүшелерін де зақымдауы мүмкін. Емдеу үшін құрамында йод бар дәрілер және антибиотиктер қолданылады, егер ауру асқынбаса, оны хирургиялық жолмен сылып тастайды.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Боғмала|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}