Бояушөп
Үлгі:Taxobox Бояушөп (Үлгі:Lang-la) – рияндар тұқымдасына жататын бір кейде көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразияда негізінен Жерорта т. аймағында өсетін 90 (кейбір мәліметтерде 200-дей) түрі белгілі. Қазақстанда Торғай, Сырдария бойында, Мойынқұмда, Балқаш – Алакөл ойысы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында 12 түрі кездеседі. Оның ішінде сирек кездесетіні Крылов Бояушөбі (A. krylovіana); шаруашылық маңыздысы – иісті Бояушөп (A. odorata). Ол қылтан жапырақты орманда өседі. Иісті Бояушөптің биіктігі 10 – 16 см. Жіңішке, жатаған тамыры бар. Сабақтары тік, төрт қырлы, жалаң болады. Жапырақтары 5 – 8-ден шоғырлана орналасады. Гүлдері сабақ ұшына шашақбас болып шығады, қос жынысты. Күлтесі ақ түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – жаңғақ. Бояушөп гүлінің құрамында шарап жасау және темекі өндірісінде қолданылатын жұпар иісті кумарин заты бар.
<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>