Ботакөз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ботакөз, құралай (Үлгі:Lang-la) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.


Қазақстанда Павлодар, Ақтөбе облыстарында, Алтайда, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауында кездеседі. Бұлар табиғи жағдайда тау беткейлерінде, жазық далада, су жағасында өседі. 12 түрі бар: бұлардың ішінде көп тарағаны орман Ботакөзі (M. sіlvatіca). Биіктігі 30 — 60 см, сабағы тік, көп бұтақты, сыртын ұзын түк басқан. Жапырағы (ұзындығы 2 — 5 см, ені 0,5 — 1,5 см) сабаққа кезек орналасқан. Көгілдір, көк түсті гүлдері ұсақ, көп гүлді, гүлшоғырына топтасқан. Мамыр — маусымда гүлдейді. Жемісі — көп дәнді жаңғақ. Бұлардың батпақ Ботакөзі, альпі Ботакөзі деген түрлері қолдан өсіріледі. Тұқымынан, кейде вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жақсы өсіп-жетілуі үшін оларды құнарлы топыраққа, Күн сәулесі тік түспейтін көлеңкелі және ылғалды жерлерге отырғызады. Ботакөздер — хош иісті, әдемі гүлді әсемдік өсімдіктер.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ботакөз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}