Ботайтөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Dig in Troy.jpg
Ежелгі қаланың орны

Ботайтөбеежелгі қаланың орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылының солтүстік-батыс жағындағы Қоғам қыстағынан 2 км, ежелгі Алтынтөбе қаласы орнынан оңтүстік-батысқа қарай 1,5 км жерде. 1969 — 1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. Сыртқы көрінісі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан (ұзындығы 50 м, ені 30 м, биікт. 4,2 м, төбесінің көлемі 30х15 м) жұмыртқа тәрізді шоқы. Қаланың орталық қорғанына жүргізілген қазба жұмыстары барысында, төменгі және жоғары мәдени қабаттарынан тұрақжайлар орны ашылды. Алынған қыш ыдыстардың жасалу тәсілдері мен пішімдеріне қарағанда, қала тіршілігі бір-біріне жақын екі кезеңге жататындығы анықталды. Астыңғы мәдени қабаттан алынған ыдыстар Ботайтөбенің көрші жатқан Қостөбе, Шаушыққұмтөбе сияқты 4 — 6 ғасырларда болғанын көрсетсе, үстіңгі мәдени қабаттан алынған көзелер ежелгі Көкмардан қаласы жұртымен (7 — 8 ғасырлар) мезгілдес екеніне дәлел бола алады.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сілтемелер

1. «spisok pamyatnikov-kaz.»

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ботайтөбе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}