Бос радикал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бос радикал — сыртқы орбитасында жұптаспаған электрондары, яғни, бос валенттілігі бар атом, молекула немесе молекула бөлшегі. Олар парамагнитті, реакцияға түскіш және басым көпшілігі қысқа уақытқа ғана пайда болады. Қосылу, алмасу, бөліну және изомерлену реакцияларына түсе алады. Ұзақ өмір сүретін, активтілігі төмен Бос радикал да бар. Бос радикалды химиялық реакциялардың бастаушысы ретінде пайдаланады. Мысалы, хлорлау және полимерлену реакциялары. Бос радикалдарды анорганикалық және органикалық заттарға жоғары энергиямен (электромагниттік сәуле, жоғары энергиялы бөлшектер ағыны), катализаторлармен әсер ету арқылы алады. Бос радикалдар табиғатта көп кездеседі. Олар Күннің, жұлдыздардың құрамында ғарышта және тотығу-тотықсыздану процестерінде (дем алу, фотосинтез,жану, т.б.) орын алады.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бос радикал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}