Бостандық ауданы (Алматы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Cleanup Үлгі:Уики Үлгі:Мағына Бостандық ауданыАлматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі, 1966 жылы негізі қаланған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес 31 қаңтар 1966 жылы Калинин ауданы пайда болды. Қала маңындағы жерлер аумағының кеңеюіне байланысты қала маңындағы жерлерден аудан құрылды , ал 1997 жылы Бостандық ауданы болып өзгертілді. Ауданның ауданы 3765га, ал халық саны 282 200 мың. Аудан әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы.

Қарулануы

Бостандық - Алматы қаласының қару-жарағы ең көп ауданы. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің қару айналымын бақылау және лицензиялау бөлімінің аға инспекторы Рақым Толоқұловтың мәліметінше, жалпы қалада 1973 адамның 69 860 дана суық қаруы бар. "Тіркелген қарулардың ішінде: кесілген: 8017, тегіс оқпанды - 34 643, газды - 10 279, травматикалық оқпен атылатын газды қару - 10 440, травматикалық - 6079, пневматикалық - 371, электр қаруы - 31 дана. Бостандық ауданында 10 460 адам қару ұстайды, бұл - қала бойынша ең үлкен көрсеткіш. Екінші орында Әуезов ауданы келеді - 10 442 адам, Медеу ауданы үшінші орынды алып тұр, мұнда 9876 адам қаруын заңдастырып алған", - деді Толоқұлов.

Полиция өкілдерінің айтуынша, 1 желтоқсанға дейін қару ұстайтындардың тек 97 пайызы ғана сигнал беру жүйесі бар сейф сатып алған, бұл көрсеткішке Бостандық ауданы да еніп отыр. Еске сала кетейік, қаруы бар адам оны сақтайтын жерге сигнал беру жүйесін орнатпаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 1852 теңгеге дейін, ал заңды тұлғаларға 9-13 мың теңге аралығында айыппұл салу қарастырылған. Полиция Алматыдағы Бостандық ауданын қылмыс көп болатын аудан ба, жоқ па - оны хабарламады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер