Бостан
Бостан – Қарақия ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы Құрық аулынан шығысқа қарай 175 км жерде, Өзен ойысының шығысында орналасқан.
Тарихы
Ауыл бұрын Октябрьское деп аталып келген.
1977 – 1995 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Қарақұдық» кеңшарының ортылығы болып келген. Оның негізінде Бостанда шаруа қожалықтары құрылды.<ref>«Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Халқы
Тұрғыны:
- 1114 адам (549 ер және 565 әйел адам) (1999)<ref name="source1">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 1400 адам (2007);
- 1626 адам (805 ер және 821 әйел адам) (2009)<ref name="source1"></ref>.
Ауыл шаруашылығы
Барлық Бостан ауылдық округіне қарасты елді мекендер мен шаруа қожалықтарды қосқанда 16170 үй жануары, соның ішінде: 9120 қой, 2372 ешкі, 2243 түйе, 2056 жылқы, 329 сиыр және 50 құс есепте тұр. Барлық мал басының өсімі байқалады.
Бостан селосы бойынша асыл тұқымды мал өсіру және еттің экспорттық әлеуетін арттырудағы бағдарлама бойынша бүгінгі таңда 29 шаруа қожалық жұмыс істеп келеді.
Мал азығын ауылда ашылған «Жанболат» ЖШС жене «Ержан» ЖШС серіктестіктердің зауыттары дайындайды.
Білім саласы
2015-2016 оқу жылында ауылда 50 орындық «Өркен» балабақшасы, 25 орындық мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді. Ауыл мектебінде 372 оқушы білім алып, тәрбиеленеді.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Қарақия ауданы елді мекендері