Борис Николаевич Петров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петров Борис Николаевич (6 тамыз, 1920, қазіргі Ақмола облысы, Шортанды қаласы - 3 қараша 1971, Петропавл қаласы) — жазушы. КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болған. Куйбышев жоспарлау-экономикалық институтының жұмысшы факультетін бітірген. Ұлы Отан Соғысына қатысқан.

Еңбек жолы

Соғыстан кейін Петропавл қаласына келіп, облыстық «Ленинское знамя» газетінде әдеби қызметкер, кейін Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің аппаратында жұмыс істеген. Сонымен қатар журналистикамен және жазушылық жұмыстармен де айналысты.

Шығармашылығы

Петров жазған мақалалардың барлығы да ол үшін «шуақты өлке» болған Солтүстік Қазақстанға арналған. «Воскресный наряд» (1956) романының, «Вьюжная неделя» (1956), «Огни Аксуата» (1961), «Листопад» (1964), «Березовые острова» (1996), «Утро» (1975), т.б. повестер мен әңгімелер жинағының , бірқатар очерктер жинағының авторы.

Марапаттары

Қызыл жұлдыз орденімен және медалдармен марапатталған. Петропавл қаласындағы көшелердің біріне Петров Борис есімі берілген<ref>Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедиясы, "Арыс" баспасы, Алматы, 2006</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер