Боран

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Боран — күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.

<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Боран — қатты жел соққандағы және ауа температурасы төмен болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің далалы аудандарында қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Боран|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

pl:Wiatr#Lokalne wiatry nazwane