Болгария баспасөзі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болгария баспасөзіБолгарияның мерзімді баспасөзі 19-ғасырдың 40 жылдарында пайда болды <ref>"Қазақ телевизисы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>. Түрік өкіметінің қудалауына байланысты, болгар патриоттары алғашқы газеттер мен журналдарды шетелде шығарды. Ел ішінде мерзімді баспасөз тек 1878 жылдан бастап дами бастады.

1969 жылы Болгарияда 710 газет, 780 журнал шықты. Аса ірі газеттері: "Работническо дело" (1927) БКП ОК органы, "Земеделс ко знаме" (1902) болгар жер өңдеу халық Одағының органы, "Отечествен фронт" (1942) – Отандық майдан органы, "Труд" (1945) Кәсіпшілер Одағы орт. Кеңесінің органы, "Народна младеж" (1944) Димитровшыл коммунистік Жастар Одағы (ДКЖО) ОК органы, "Народна армия" (1944) Халық Қорғанысы мин-нің органы, "Поглед" (1930) болгар Журналистер Одағының органы. Журналдары: "Ново време" (1897), "Партиен живот" (1957) және "Политичес ка просвета" (1966) БКП ОК органдары, "Младеж" (1945) ДКЖО ОК органы, "Жената днес" (1945) болгар әйелдері комитетінің органы.

Болгар телеграф агенттігі (Българска телеграфна агенция БТА) 1898 жылы құрылған. 1959 жылы Болгариядағы түрік жұртшылығы үшін түрік тілінде күнделікті программа енгізілді. "Отан" радиостанциясы шетелдерге арнап болгар, грек, түрік, сербхорват, араб, ағылшын (АҚШ, Ұлыбритания, Африка елдері үшін), француз (Африка елдері үшін), неміс, итальян, испан (Лат. Амер. елдері үшін) және эсперанто тілдерінде тәулігіне 24 сағат хабар береді. Б. телевизиясы 1959 жылдан бастап жұмыс істейді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}