Болат Омарұлы Райысов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Омарұлы Райысов (13.6.1953 жылы туған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылым доктор (2002). Қазақ ауыл шаруашылық институтын (ҚазҰАУ) бітірген (1976). 1970 – 71 жылдары Қызылорда облысы «Рисстросовхоз» трестінде жұмысшы, 1976 – 79 жылдары «Союзгипрорис» жобалау институтында инженер, 1979 – 92 жылдары Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1992 – 95 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтының доценті, 1995 – 2003 жылдары «Жерге орналастыру» кафедрасының меңгерушісі, 2003 жылдан «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасының профессоры. Ғылыми еңбектері Арал өңірінде күріш өсіру технологиясын жетілдіру жолдарын зерттеуге арналған. 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 монография бар.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Болат Омарұлы Райысов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}